ayalagan_astana_2017_500

«Аялаған Астана»  ұлттық музыкалық-телевизиялық балалар байқауы алғаш рет 2013 жылы Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Биыл дәстүрлі байқау бесінші рет өткізілгелі отыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең дарынды әрі талантты 12 үміткер ән сайысына дайындалу үшін Елордаға келді. 27 наурыз күні олар бір-бірлерімен танысты. Балаларға телевизиялық шоуға әзірленуге вокалдан, сольфеджио мен актерлік шеберліктен және би өнерінен Лина Арифулина мектебінің тәжірибелі педагогтері көмектеседі.

Сонымен қатар, «Аялаған Астана» байқауының қатысушылары Елордаға келгеннен кейін океанариумды тамашалап, әйгілі экскурсиялық автобуспен қаланың көрікті жерлерін аралады.

2-сәуірде «Қазақстан» ұлттық арнасында өтетін байқаудың қорытындысы бойынша үміткерлердің біреуіне халықаралық «Детская новая волна» сайысында еліміздің намысын қорғау мүмкіндігі беріледі.

 

Аялаған Астана

 

В 2013 году в преддверии Дня города был организован детский национальный музыкальный телевизионный конкурс «Аялаған Астана». В этом году конкурс отмечает свое пятилетие, и конечно же 12 самых одаренных и талантливых детей из разных городов Казахстана приехали в столицу для подготовки к грандиозному вокальному конкурсу. 27 марта ребята впервые увидели друг друга, а также познакомились со своими преподавателями – это опытные педагоги  по вокалу, сольфеджио, актерскому мастерству и танцевальному искусству из Мастерской Лины Арифулиной, которые помогут детям подготовиться к телевизионному шоу.

Также финалисты проекта «Аялаған Астана» в дни пребывания в столице, посетили океанариум Думан и прокатались на прославленном экскурсионном автобусе по достопримечательностям столицы.

Финал конкурса пройдет 2 апреля по телеканалу «Казахстан»,  и подарит одному из них возможность представить Казахстан на «Детской Новой Волне».

Аялаған Астана music_school_lina_arifulina_ayalagan_astana_3 music_school_lina_arifulina_ayalagan_astana_4